Press release – 2026
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
«ДАРЫН» РЕСПУБЛИКИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
КеАҚ «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА МЕКТЕБІ»
2026 жылғы 10-14 қаңтар аралығында Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша ХХІІ-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы IZhO – 2026 (бұдан әрі-Олимпиада) өтеді.
Математика, физика және информатика пәндері бойынша ХХІІ-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы елімізде 22-ші рет ұйымдастырылуда. Жаңа технологиялардың жылдам дамуын ескере отырып, осы Олимпиадаға қатысу оқушылардың зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыруға және инновациялық технологиялық прогресске маңызды үлес қосуға деген ынтасын күшейтуге керемет мүмкіндік береді.
Олимпиадаға әлемнің 15 елінен 700-ден аса оқушы мен 150 жетекші қатысады деп күтілуде. Қатысушы елдер қатарында Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь, Армения, Әзірбайжан, Түркия, Грузия, Болгария, Румыния, Сербия және Моңғолия бар. Командалардың құрамы ұлттық пәндік олимпиадалардың нәтижелері бойынша анықталады.
Команда құрамына 2 жетекші (математика және физика пәндерінің мұғалімдері) және 7 олимпиада қатысушысы кіреді, олардың ішінде: математика пәні бойынша – 3 қатысушы, физика пәні бойынша – 2 қатысушы, информатика пәні бойынша – 2 қатысушы.
Командалардың толық емес құрамда қатысуына рұқсат етіледі.
Олимпиадаға шет мемлекеттерден 4 командадан артық қатыса алмайды. Өткен жылғы олимпиадада командалық есепте жүлделі орын алған командаларға квотадан тыс қатысу мүмкіндігі беріледі.
Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша басқа олимпиадаларда жақсы нәтижелер көрсеткен жеке қатысушылардың Олимпиадаға қатысуына рұқсат етіледі.
Олимпиаданың ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебі».
Олимпиада бес күнге созылады және екі турдан тұрады. Тапсырмалар күрделілік деңгейі бойынша мамандандырылған сыныптар бағдарламасына сәйкес келеді және халықаралық қазылар алқасымен құрастырылған.
Қазылар алқасына Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев төрағалық етеді.
Жәутіков олимпиадасының қорытындысы бойынша қатысушыларға қатысушы сертификаттары мен естелік сыйлықтар табысталады, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен алтын, күміс және қола медальдар беріледі.
Олимпиаданың ашылу және жабылу рәсімдері YouTube арнасындағы ресми парақшада тікелей эфирде көрсетіледі.
Қаржылық және тіркеу деректері:
– Шетелдік командалар үшін ұйымдастыру жарнасы 2 500 АҚШ долларын құрайды.
– Жеке қатысушылар үшін ұйымдастыру жарнасы — 500 АҚШ долларын құрайды.
Шетелдік командаларды тіркеу:
Шетелдік командалардың тіркеуі тек Оқу-ағарту министрлігі (халықаралық олимпиадаларға ұлттық құрама командалардың қатысуын реттейтін ұйымдар) арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: Ресей Федерациясынан келген командалар өз өтінімдерін Ресей Федерациясының Оқу-ағарту министрлігі арқылы (Мәскеу қ.) ұсынады.
Кестесі және өткізу орындары:
Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаттары Алматыда қала әкімінің, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері және қатысушы елдердің елшіліктерінің қатысуымен өтеді.
– Командалардың келуі және ашылу рәсімі: 2026 жылғы 10 қаңтар;
– Бірінші тур: 2026 жылғы 11 қаңтар;
– Екінші тур: 2026 жылғы 12 қаңтар;
– Координация: 2026 жылғы 13 қаңтар;
– Жабылу салтанаты және командалардың кетуі: 2026 жылғы 14 қаңтар.
Қатысушыларды тіркеу:
Алдын ала тіркеу: 2025 жылғы 15 қарашаға дейін;
Команданың толық тіркеуі: 2025 жылғы 12 желтоқсанға дейін.
Олимпиада өтетін негізгі алаңдар:
– Математика, физика, информатика (1, 2 турлар) -Республикалық физика-математика мектебі (Алматы қ., Бұқар Жырау даңғылы 36).
Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті:
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Мәңгілік Ел 8/2, «Алтын Орда» БО, «Дарын» РҒПО, тел. +7-7172 57 65 74, izho@fizmat.kz.