Press release – 2026

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

«ДАРЫН» РЕСПУБЛИКИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Баспасөз релиз

Алматыда Математика, физика және информатика бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасы IZhO2026 өтеді

2026 жылғы 10-15 қаңтар аралығында Алматыда оқушыларға арналған математика, физика және информатика бойынша 22-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді.

Олимпиадаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122 жетекші қатысады. Қатысушы елдер қатарында Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Түрікменстан, Индонезия, Үндістан және Өзбекстан бар. Командалардың құрамы ұлттық пәндік олимпиадалардың нәтижелері бойынша анықталады.

Олимпиаданың ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ және талантты және дарынды балалармен жұмыс бойынша «Алматы дарыны» қалалық орталығы.

Олимпиада бес күнге созылады және екі турдан тұрады. Тапсырмалар күрделілігі бойынша мамандандырылған сыныптар бағдарламасына сәйкес келеді және халықаралық қазылар алқасымен құрастырылған. Қазылар алқасының төрағасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев болады.

«Математика, физика және информатика пәндері бойынша мектеп оқушыларына арналған Халықаралық Жәутіков олимпиадасы елімізде 22-ші рет ұйымдастырылуда. Биыл ол Алматы қаласында өтеді. Қатысушылар РФММ мен Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (IITU) аудиторияларында теориялық және практикалық турларда өз білімдері мен дағдыларын көрсетеді. Бұл оқу орындарының техникалық жабдықталуы олимпиаданы өткізу талаптарына толық сәйкес келеді», – деп атап өтті «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Жәутіков олимпиадасының қорытындысы бойынша қатысушыларға қатысушы сертификаттары мен естелік сыйлықтар табысталады, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен алтын, күміс және қола медальдар беріледі.

 

Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті:

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Мәңгілік Ел 8/2, «Алтын Орда» БО, «Дарын» РҒПО, тел. +7-7172 57 65 74

Жүктеу – EN   RUS

Top